ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Телеарна туралы

 

Телеарна туралы

1990 жылы телерадиокомитеттің құрамында құрылды.

1990 жылы 5 қарашада алғашқы хабарын 4 камералық ЖТС (жылжымалы телестанция) арқылы тікелей эфирге таратты.

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы орналасқан көне ғимарат телекешенге бейімделіп, құрылыс жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде жаңартылды. Қазір жаңалықтар мен хабарларға бейімделген екі студия бар. Телекешен заманауи техникамен жабдықталған. Спутниктік қондырғысы бар 4 камералы шағын жылжымалы телевизиялық станция бар. ПТС арқылы республикалық маңызы бар іс-шараларды және Үкіметтің «Үдемелі индустриялық-инновациялық» бағдарламасының дамуына байланысты жыл сайын өтетін телекөпірде Оңтүстік Қазақстан облысының ірі-ірі жобалары таныстырылады. Осының барлығында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы ұжымының қолтаңбасы бар.

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы қазіргі таңда жылжымалы телевизиялық станция арқылы облыстың кез-келген жерінен тікелей эфирде хабар тарата алады. Хабарлар тәулігіне 18 сағат эфирге шығуда.

 

2015 жыл Телеарнаға 25 жыл

 

Жетістіктері:

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы ұжымы қызметкерлері - Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы, мақтау қағаздары, Алғыс хат иегерлері.

Бұқаралық ақпарат құралдары арасында жыл сайын өткізілетін «Дидар», «Оңтүстік эфир», «Объектив» аталымдарының жеңімпазы, «Ақжелкен» бағдарламасы «Еуразия айналымы» халықаралық байқауларының лауреаты. Телеарна журналистері Баубек Бұлқышев, Саттар Ерубаев, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың, Үкіметтік марапаттардың иегерлері. Аймақтық БАҚ-тар арасында халықтық сараптама негізінде 2011 жылы «Алтын көшбасшы» жүлдесіне ие болды. 2012 жылы «Жастық жанары» жастар хабары өңірдегі жастар саясатын дәріптеп отырған «Ең үздік бағдарлама» аталымы бойынша бас жүлде иегері. Корпорация тарапынан ұйымдастырылған бірнеше байқауларда жүлделі орындардан көрініп, арнайы сыйлықтар мен марапаттарға ие.