ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

Қыдыр Уәли Сағындықұлы

Қыдыр Уәли Сағындықұлы 1975 жылы 21 қаңтарда ОҚО Отырар ауданында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Қызмет жолын 2000 жылы Әділет министрлігі «Заң» АҚ-ның басылымдарын шығарушы редактор болып бастаған.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы лауазымында болған.

2002-2004 жылдары республикалық «Заң» журналының  тілшісі, бөлім редакторы.

2004-2008 жылдары  республикалық «Заң»  журналының  бас редакторы

2008-2009 жылдар аралығында республикалық «Нұр Астана» газетінің Алматы бөлімшесін басқарды.

2009-2012 жылдары еліміздегі көптеген газет-журналдардың басын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары.

2012- 2013 жылдары  «Қазақ радиоcы»  директорының орынбасары қызметін атқарған.

2013-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бас директоры.

2018 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ Іс-басқарушы қызметін атқарған.