ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Ерғали Бектасұлы Наурызбаев

Ерғали Наурызбаев Бектасұлы, дизайнер

1983 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. 2001 жылы  ЭЕМ операторы мамандығын алған. 2006 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті,  музыкалық білім мамандығын  бітірген. Қосымша телемеханик  және  дизайн 3D графика курсындарында білімін жетілдірген.
Еңбек жолын 2002 жылы  «Асқаралы»  ЖШС баспаханасында баспагер қызметінен бастап,  дизайнер,  бас дизайнер дәрежесіне дейін көтерілген.
Бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткен байқауда «Мониторинг» номинациясын жеңіп алды.
Ал, 2009 жылдан бері «Қазақстан» РТРК ОҚОФ дизайнер қызметін атқарып келеді. Арнамыздағы телеөнімдерінің техникалық сапасы, графикалық әрленуі осы маманның қолынан шығады.  Дизайндық дүниелерді жасауда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білікті маман телеарнаның имиджін өсіруге ат салысып келеді.