ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Гүлзат Қадырқызы Құралова

Құралова Гүлзат Қадырқызы, кадр жөніндегі инспектор

Г. Құралова, 1965 жылы туылған, білімі жоғары.  1987 жылы Қазақ химия технология институтын инженер-химик-технолог мамандығы бойынша білім алған. Ал, 2006 жылы Қайнар Университетін заңгер мамандығын меңгерді.

Еңбек жолы 1987 жылы Бәйдібек ауданындағы балабақшада тәрбиеші болып бастаған.

1989 жылы «Шымкентшина» АҚ инженер – технолог қызметін атқарған.

1990 жылдың желтоқсан айынан бастап «Қазақстан» РТРК  АҚ ОҚОФ кадр жөніндегі инспектор болып жұмыс атқарып келеді.

2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаты Ә. Досболовтың алғыс хатымен марапатталған.

2012 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және  Шымкент қаласы әкімі Қайрат Молдасейітовтың,  Республикалық «НұрОтан» ХДП төрағасының  бірінші орынбасары  Н. Нығматуллиннің  алғыс хатымен марапатталған.  Сондай-ақ «Қазақстан» РТРК АҚ  Басқарма төрайымы Н. Жалауқызының алғыс хатын иеленген.