Сіз кімсіз, КА мырза?

«Сіз кімсіз, КА мырза?» фильмі («Қазақфильм», «Изарус фильм», 2010 ж.) 

Рөлдерде: Асанәлі Әшімов, Александр Феклистов, Талғат Теменов

Режиссері: Хуат Ахметов

Пойыздағы бір қарт кісінің жанында ашық жарқын, әңгімешіл жігіт отырады.  Бірақ жүзі жылы көрінгенімен оның ішінде не ойы бар екенін ешкім білмейді. Бұл адамның қауіпті екенінен ел-жұрт бейхабар.

 «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмі ұзақ уақыт өзге елде түрмеде отырып, еліне оралған бұрынғы кәсіби барлаушының өмірі туралы. Кинода достық, сезім, ізгілік пен зұлымдық тайталасымен қатар, қылмыс әлемі, есірткі бизнесінің адамдар тағдырына әсері және онымен күрес сияқты көкейтесті мәселе көтеріледі. 

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07