ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ
background background

Шоқан Уәлиханов

Қазақта реа­листік кинорежиссураның тұңғыш жолын салған Мәжит Бегалиннің бала күнінен мазасын алып келе жатқан бір арманы бар еді. Ол – Шоқан образын сомдау болатын.

Ұлы адамның бей­несін экранда көрсету парыз ғана емес, қазақ хал­қы үшін зор мақтаныш, үлкен жеңіс бола­тын. Өзіне қойыл­ған осы жауапкершілікті жақсы түсінген Мәжит Бегалин күн демей, түн демей ізденді.

Оған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, әкесі де көмекке келді. Режиссер  Шоқан образын шығаруға бақандай он жыл уақытын сарп етті.

Нұрмұхан Жантөрин ойнаған Шоқан образының нанымды шыққаны соншалық, жұртшылық актерды Шоқанның өзі екен деп қабылдады. Бұл – сөз жоқ, актердің де, қою­шы-режиссердің де зор табысы еді.

Бүгін - ерекше құлшыныс пен зор еңбектің арқасында дүниеге келген «Шоқан Уәлиханов» туындысы.

Рөлдерде: Нұрмұхан Жантөрин, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков.  

Режиссері: Мәжит Бегалин («Қазақфильм», 1957 ж.). 

Өзге де бағдарламалар

Қосарланған әлем

Қосарланған әлем

Қашқындар

Қашқындар

Мен армандаған Африка

Мен армандаған Африка

Сіз кімсіз, КА мырза?

Сіз кімсіз, КА мырза?