ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

«Әйелге сүйіспеншілікпен» акциясы жүруде

13:47, 21 сәуір 2017

«Әйелге сүйіспеншілікпен!». Осындай атаумен Сайрам ауданында тағдыр тауқыметін тартқан нәзік жандыларға арналған акция ұйымдастырылды. Алғаш рет Алматыда өткен шараның ауданда жалғасуына жергілікті полиция қызметі мен сондағы «Сырғалым» қоғамдық қоры мұрындық болды

Республикалық шараның мақсаты - түрлі жағдайға байланысты қоғам назарынан тыс қалған нәзік жандыларға қолдау көрсету. Олардың қоғамдық ортадағы белсенділігін арттыру. Игі шараға әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының отаналары мен денсаулығында сырқаты бар бұрымдылар шақыртылды.

Мадияр Оразалиев – Сайрам ауданы әкімінің орынбасары

Қашанда біз ару аналарымызды құрметтеп өткен халықпыз. Солай құрметтей де береміз...

Акция кезінде қатысушылар үшін арнайы дастархан жайылды. Тұрмыс түйткілін ұмыттыратын концерттік бағдарлама ұсынылды.  Сонымен қатар, осы күні аудандағы нәзік жаратылыс иелері үшін бір сұлулық салоны тегін қызмет көрсетті.

Заретта Өтеміс – Шымкент қаласының тұрғыны

Айтып өту керек,  бұрымдылардың құрметіне орай ұйымдастырылған бұл шара облыста қолға алынған «Зорлық зомбылықсыз - отбасы» акциясы негізінде ұйымдастырылды. Бұл күні әйелдерге құрмет көрсетілумен қатар, олардың отбасылық жағдайларына да назар аударылды. Тұрмыста қағажу көргендері арнайы мамандардан кеңес алды.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеледі
21:13, 25 сәуір 2017
Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел бақытының" формуласын Шымкентке әкеле...
Толығырақ...
Оңтүстіктің Супер келіншегі атанған кім?!
18:08, 16 наурыз 2017
Оңтүстіктің Супер келіншегі атанған кім?!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...