ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

80 жастағы қария бір ауданды жеміспен қамтып отыр

14:34, 14 қыркүйек 2017

Ұзақ жасаудың сыры - тынбай еңбек етуде. Толағай табыстың көзі де – сол, көп жылғы тірліктің жемісі. Созақтық бағбан Түймебек Әлімбекұлы осылай дейді. Еңбекқор қария осыдан 10 жыл бұрын 4 гектар жерге алма көшеттерін отырғызған. Қазір шаншыған бір шыбығының өзі бір апталық азық-түлігінің құнын өтеп отыр.

      Түймебек қарияның жасы 80-де. Жастайынан бейнеттен белі талмаған оның талай жылдық еңбегі Сызған совхозының өркендеуіне арналды. Қария қазір тың. Жас жігіттерге дес бермейтін қуаты бар. Онысын тынымсыз еңбегімен ұштастырады. Зейнеткерлікке шығып, ел ағасы атанған шақта бағбандықты кәсіп етті. Өзі екінші топтағы мүгедек болғанына қарамастан, 500 түп алма ағашын жалғыз күтіп-баптайды.  

Түймебек Әлімбекұлы - Сызған ауылының тұрғыны

  • Пенсияға шығып, осы бауды алып осындай қылып өсіріп өзім еңбек етіп осындай нәтижеге жеттім. Қарап отырмай  денсаулыққа жақсы деп жұмыс жасаудамын.

      «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Түймебек ақсақалдың өмірлік ұстанымы осы. Төзімділігі мен табандылығының арқасында көпке үлгі болып отыр. Бағбанның бақшасы ауылдағы ең ірі агрокешен деуге келеді. Осы жерде өсірілген алма, алмұрт өнімдерін жақын жердегі ауыл азаматтары алып кетеді.

     Еңбек – бәрін жеңбек. 80-нің сеңгіріне шықса да ауру-сырқауға бой алдырмаған қарияның ісі көпке үлгі. Таңсәріден күн батқанға дейінгі еңбегінен түскен қаржыны немере-шөберелерінің қуанышына жұмсайтынын ауылдастары ризашылықпен жеткізеді. Жергілікті биілікке алақан жаймай, көптен көмек күтпей, өздігінше әрекет еткен азаматқа еліктейтіндер көп.  

 ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

АГРОСАЛАНЫҢ БІЛІКТІ МАМАНДАРЫ – ШЫМКЕНТТЕ
16:23, 13 маусым 2018
АГРОСАЛАНЫҢ БІЛІКТІ МАМАНДАРЫ – ШЫМКЕНТТЕ
Толығырақ...
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЕСЕБІНЕН МАҚТА ӨНІМДІЛІГІ АРТПАҚ
18:38, 11 маусым 2018
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЕСЕБІНЕН МАҚТА ӨНІМДІЛІГІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ҰЗЫНДЫҒЫНАН ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АКВАПАРК АШЫЛДЫ
11:01, 18 маусым 2018
ҰЗЫНДЫҒЫНАН ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АКВАПАРК АШЫЛДЫ
Толығырақ...