ШҰҒЫЛ! 7 адамды алдап, қолға түсті Толығырақ

«Аgrofest-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі

15:03, 14 қараша 2017

Созақ ауданының шаруалары мемлекет қолдауымен биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Агросала екпінділерінің жоғары жетістіктері «AGROFEST-2017» фестивалінде айтылды. Аудан орталығы Шолаққорған ауылында өткен жиында барлық ауылдық округ әкімдіктері арнайы жәрмеңкеге қатысып, халыққа өз өнімдерін тиімді бағада ұсынды.

Созақ ауданының шаруалары  жүйелі жоспарланған, жіті ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Мәселен, «Алтын асық» «Құлан» бағдарламасы артығымен орындалған. Аудан бойынша барлығы 801 агроқұрылым тіркеуден өтіп, өз істерін дөңгелетуде.  Қазіргі таңда 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, Әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Аудан әкімі Салыхан Полатов шаруалар өндірген өнімдерімен танысып, ауыл шаруашылық еңбеккерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Жақсы нәтиже көрсеткен ауылдық округтерге Алғыс хат табыс етті.

Жоғары өнім алып, барлық көрсеткіш бойынша төңірегінен озған Құмкент ауылдық округі 1-орынды иеленді. Шолаққорғандықтар мен Жартытөбе ауыл округінің еңбеккерлері 2-орынды өзара бөлісті. Ал, жүлделі 3-орын Қарағұр, Созақ, Сызған ауыл округінің еншісінде.  

Аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев озат өнім алған шаруа қожалықтары мен дихандарды марапаттады. Аудандың ардагерлер кеңесі де алдыңғы топтан көрінгендерден құрметін аяған жоқ. Фестиваль аясында ұлттық спорттың ләңгі тебу, қошқар көтеру, асық ату сынынан жарыстар өтті. Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.  

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит                                          

Тақырып бойынша материалдар

«Алтын күзде» дихан еңбегіне баға берілді
19:44, 15 қараша 2017
«Алтын күзде» дихан еңбегіне баға берілді
Толығырақ...
Көксарайлық дихандар егістіктен екі есе көп өнім жинады
18:04, 11 қараша 2017
Көксарайлық дихандар егістіктен екі есе көп өнім жинады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...