ШҰҒЫЛ! ИНСУЛЬТ «ЖАСАРЫП» БАРАДЫ Толығырақ

Азық-түлік жәрмеңкесі

18:34, 7 желтоқсан 2017

Ордабасы ауданында дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесі болып өтті. Онда жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Аудан орталығында өткен жәрменкеде жұртшылық, әсіресе, ет өнімдері мен көкөністі көптеп алуға тырысты.

Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елдімекенінде өткен жәрмеңкеде ауыл округтерінен келген шаруалардың жаз бойғы еңбегі паш етілді. Табысты маусым үшін көңілі шат болғандар өз өнімдерін халыққа қолжетімді бағада ұсынды.

ЗӘУРЕ ӘБІШ – ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Ауданымызда ауыл шаруашылық жәрменкесі өтуде. Бұның барлығы аудан, ауыл тұрғындарының игілігіне жасалып жатыр. Жәрменкенің өтуіне басшылық жасап жатқан аудан басшыларына алғысымыз шексіз. Халық риза болып, қалаған өнімдерін алуда.

Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпкерлер де мейлінше ат салысты. Сапалы, балғын, экологиялық таза өнімдерін олар 20 пайызға арзандатып сатты.  

ГАУҺАР МҰСАБАЕВА – «ДӘМДІ ЕТ» ЖШС-нің ҚЫЗМЕТКЕРІ

жәрменкеге Темірлан елдімекеніне шығып отырсыз. Әкімдігіне үлкен рахмет, осындай жәрменке өткізіп, жан – жақтан адамдар шақырып, арзан бағадағы азық –түліктермен халықты қамтамассыз етуде.Тұрғындарға айтарым келіңіздер,арзан бағада алыңыздар.

Бұл күні ет-сүт, бақша өнімдері секілді күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары аудан халқының үлкен сұранысына ие болды.

АРАЙЛЫМ Байзахова                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРҚЫНДЫ БАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА
17:30, 17 шілде 2018
ҚАРҚЫНДЫ БАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨНЕ ШАҺАРДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАВЗОЛЕЙДІҢ БИІКТІГІНЕН АСПАЙДЫ
16:51, 16 шілде 2018
КӨНЕ ШАҺАРДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАВЗОЛЕЙДІҢ БИІКТІГІНЕН АСПА...
Толығырақ...
ШӨПТІҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ ШАРУА ЖАНЫНА БАТЫП ТҰР
12:27, 17 шілде 2018
ШӨПТІҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ ШАРУА ЖАНЫНА БАТЫП ТҰР
Толығырақ...
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:49, 18 шілде 2018
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...