ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

Бордақылау кешенін іске қосты

15:57, 12 қаңтар 2018

«Ауыл көркеймей, өңір өркендемейді». Осылай деген сенатор Әли Бектаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды. «Ауыл» партиясының төрағасы тұрғындармен кездесуде Парламентте атқарылған жұмыстарға есеп берді. Шаруа иелерінің нақты ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерді шешу жолдарын жоспарлады. Елбасымыздың жуырда жариялаған Жолдауының мән-маңызына да тоқталды.

Жалпы, ғаламда бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі - өзекті. Оның ішінде экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірген кәсіпорынның асығы алшысынан түспек. Мұны көпшілік жіті түсінеді. Амангелді ауылындағы «Миграж-Б» шаруа қожалығы ет экспортын арттыруға үлес қоспақ. Шаруа қожалығы 101 млн. теңгеге инвестиция тартып, бордақылау кешенін іске қосты.  

Ғалымжан Сардарбек – «Миграж –Б» шаруа қожалығының төрағасы

2017 жылдың қыркүйек айында  іске қостық. Қазір мұнда 200 бас мал бордақылануда. Соны бір жылда мыңға 5жылда  бес мыңға жеткіземін деген жоспар бар. Малды Алматы облысы мен Оралдан алып келеміз.

200 малды қарауға 3 жұмысшы бекітілген. Орташа жалақысы 50 мың теңгеден. Болашақта мемлекеттен субсидия алу бағытында жұмыс жүргізілуде. Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан Әли Әбдікерімұлы ауыл шаруашылығы саласы болашақта ел экономикасын өрге сүйреуші салаға айналатынына сенім мол,- деді.

Әли Бектаев - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы 

Елбасымыз өзінің жолдауында осы АШ дамыту, АШ өнімдерін қайта өңдеп, экспорттау міндетін қойып отыр. Соның бәрі осындай шаруашылықтардан басталады. Елбасының айтып жатқаны да сол, жолдаудағы экономикалық жаңғыруында АШ экономиканың драйверіне айналу керек.

 

Аудан халқымен жүздескен сенатор еліміздің саяси аренадағы рөлі жөнінде баяндады. 30 елдің қатарына ену үшін сол жоспарды орындауға жаппай атсалысудың маңызын айтты, Республикалық «Ел бірлігі» қоғамдық ұйымы аудандық филиалының төрағасы Гайдар Дәнеш депутатқа «мұғалімдер жағдайына көңіл бөлінсе» деген пікірін білдірді.

Әли Бектаев - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы

Ұстаздардың айлығы соңғы 3-4 жылда 35-40-50 пайызға дейін көтерілді. Президент әлеуметтік салаға бет бұрғанда бірінші ұстаздардың айлығын көтерді.

Тұрғындар Темірландағы үш ауысымда оқытатын Амангелді мектебінің мәселесін құлаққағыс етті. Суармалы егістікке ағын су жеткізу, ирригация жүйелерін мемлекетке қайтару мәселесін көтерді.

Медеу Сағымбеков-Ордабасы ауданының тұрғыны

Бұл су проблемасын Түркістан болсын, облыс болсын, сіз білесіз. Мұны көтермеуге сіздің мүмкіншілігіңіз жоқ. Сіздің партияңыздың жейтін наны. Ауыл партиясының. Бірінші мемлекет өз қамқорлығына алу керек, сосын, басынан аяғына дейін жөндеу керек. Осы Темірлан орталығындағы Найман арық, Қазан арық, Құртай арық қарамағына алуға, жерді сумен қамтамасыз ету үшін 1 экскаватор алуға әкімдердің көзін жеткізе алмай келемін. Енді көзін жеткізе бергенде әкімдер жоғарылап кете береді. 

Сенат депутаты айтылған мәселелерді зерделеп, қажеттілігіне орай Үкімет басшыларына депутаттық сауал ретінде жолдайтынын жеткізді.

НҰРМАХАН Кенжехан                                          

Тақырып бойынша материалдар

Өмірзақ Шөкеев Шымкентке арнайы келді
15:27, 22 қаңтар 2018
Өмірзақ Шөкеев Шымкентке арнайы келді
Толығырақ...
Үндік етінен 80-нен аса өнім түрін алып отыр
19:41, 11 қаңтар 2018
Үндік етінен 80-нен аса өнім түрін алып отыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектеп оқушысы қала әкімінің қызметін атқарды
14:10, 19 қаңтар 2018
Мектеп оқушысы қала әкімінің қызметін атқарды
Толығырақ...
Автобуста тірідей жанып кеткендердің арасында бір үйдің екі баласы болған
11:33, 19 қаңтар 2018
Автобуста тірідей жанып кеткендердің арасында бір үйдің екі...
Толығырақ...
Самара-Шымкент трассасында 52 адам тірідей жанып кетті
12:52, 18 қаңтар 2018
Самара-Шымкент трассасында 52 адам тірідей жанып кетті
Толығырақ...