ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Қыруар қаржы – қауын-қарбызда

13:58, 17 шілде 2017

Мақтасымен мақтанатын мақтаралдықтар дәмі тіл үйіретін қауын-қарбызымен де ерекшеленеді. Бұл күнде аудандағы бейнеткеш дихандар бақша өнімдерінің саудасын қыздырып тұр. Қазірдің өзінде 18 мың гектар суармалы жерге егілген шопақтан 31 мың тонна өнім жинап үлгерді. Шырын дәмнің 70 пайызы шет елге шығарылды.

Өткен жылы мақтаралдық дихандар экспорт пен ішкі нарықты қоса алғанда 7 млрд. 600 млн. теңгенің қауын-қарбызын сатқан. Ал, биыл егілген өнімнің бұл түрі былтырғымен салыстырғанда, 1000 гектарға артық. Бір ғана «Ер Төс Ұл» өндірістік кооперативі 1000 гектарға қарбыз егіп, толағай табысқа кенеліп отыр.

Науқан кезінде тек дихандар ғана емес, жалдамалы жұмысшылар да екі қолға бір күрек тауып отыр. Солардың бірі - Мақсат Тұрмахан. Сарыағаш ауданының тумасы Жетісайға келіп, қауын-қарбыз артысып, күнделігіне 7 мың теңге табыс табады.

Аудандағы дихандар кооперативке бірігуден оң нәтиже көріп отыр. Егіс уақытында жанармай, өсімдік тыңайтқыштарын арзан бағада алған. Өзге аудандармен салыстырғанда, Мақтарал аймағында көктемде жер ерте қызады. Сондықтан  мақтаралдықтардың көкше байлық алқабын тағы да ұлғайтып, мол табысқа кенелуге мүмкіндіктері зор.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Шаруалар мемлекеттік жеңілдіктердің қолжетімсіздігін айтты
17:26, 22 қараша 2017
Шаруалар мемлекеттік жеңілдіктердің қолжетімсіздігін айтты
Толығырақ...
Мемлекет  шаруаларды қаржылай қолдайды
13:28, 21 қараша 2017
Мемлекет шаруаларды қаржылай қолдайды
Толығырақ...
«Алтын күз» аймақ дихандарын қуанышқа бөледі
13:22, 21 қараша 2017
«Алтын күз» аймақ дихандарын қуанышқа бөледі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...