ШҰҒЫЛ! АУЫЛ-АЙМАҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ ІСІНДЕ ШИКІЛІК КӨП Толығырақ

ҚЫЗАНАҚ КҮЙЕСІНЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

18:29, 16 сәуір 2018

Қызанақ күйесінен сақ болыңыз! Қалалық аумақтық инспекция мамандары мен... фитосанитарлар... бұл зиянкестің... еңбегіңізді еш етуі.. мүмкін екенін айтады. Қазір Шымкентте «қызанақ күйесі» анықталған. Көкөністерді көктей солдырып жатыр. Демек, жылыжай иелеріне бекем болу қажет.

Шымкентте қызанақ күйесінен зардап шегіп отырған 6 жылыжай бар.  Ал, зерттелген жылыжайлар саны 78-ге жуықтайды. Жалпы, қала аумағында залалданған жылыжайдың көлемі 5 гектар шамасында.

Мамандар шаруаларға зиянкестермен күрес шарасын күшейтуді меңзеді. Егістік алқабын түнгі уақытта жарықтандырып, түрлі арамшөптерден дер кезінде тазартуды ұсынды. Залалданған өсімдіктердің жапырақтары мен түйнектерін жұлып,  жерге тереңдетіп көміп тастау керектігін ескертті.

Серік Жантасов – Қазақ картоп және көкөніс ғылыми зерттеу институтының бөлім меңгерушісі

Біздің аумақта жылыжайлар өте көп. Сондықтан, көрші Өзбекстаннан келген корантиндік қара күйе көбелегі өт көп жерде кезігіп отыр. Басқа мемлекеттерде басым болған соң, бізге келіп жатыр. Мұнда зиянкестік өте жоғары.....

 Қызанақ күйесі түрлі өнімнен және ұшу жолымен таралады. Сондықтан, сатып алынған ұрықты егуден бұрын міндетті түрде карантиндік зертханада сараптаудан өткізген дұрыс. Қажетті мәліметті Шымкент қалалық аумақтық инспекциясы Қабанбай батыр даңғылы, 9 В мекенжайына барып, білуіңізге болады. Егер де жылыжайыңызда қызанақ зиянкесін байқасаңыз, 55-11-74байланыс сымтетігіне шұғыл түрде хабарласыңыз. 

М.ӘСЕМБЕК                                                        

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚШАДА ЖЫЛЫЖАЙ ӨСІРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
14:46, 23 сәуір 2018
БАЛАБАҚШАДА ЖЫЛЫЖАЙ ӨСІРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ  ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18:02, 20 сәуір 2018
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
Толығырақ...