ШҰҒЫЛ! АУЫЛ-АЙМАҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ ІСІНДЕ ШИКІЛІК КӨП Толығырақ

МАҚТАРАЛДЫҚТАР МАҚТА ЕГУГЕ ДАЙЫН!

20:24, 16 сәуір 2018

Мақтарал ауданында былтыр... мақта түсімі көңіл қуантпады. Ауа райының қолайсыздығы диқандарға кедергі туғызып, айтарлықтай шығынға ұшыратты. Әкім лауазымына жаңадан тағайындалған Жамантай Бейсенбаев... егін науқанына дайындықты пысықтау үшін... 400-ге жуық шаруа қожалығының басын қосып, семинар өткізді...

Биыл Мақтарал ауданында 95 мың гектарға жуық жерге ақ алтын дәні себілмек. Ол үшін ауданда 3 мың тонна тұқымдық шит дайындалып, техникалар сақадай сай тұр. Ендігі мақсат - көктемнің әр күнін тиімді пайдаланып, өткен жылғы қателіктің қайталанбауын қадағалау.  

Жамантай Бейсенбаев – Мақтарал ауданының әкімі

Былтыр зиянкестерге біз мақтамызды, жегізіп алғанбыз. Біз сол зиянкестермен күні бүгін, күресті бастауымыз керек. Бірден химиялық методБен емес, биологиялық әдіспен күресуіміз қажет.

Мақта егу - алма ағашын отырғызу емес. Ақ алтын аса ұқыптылықты қажет етеді. Тәжірибелі шаруалар осы пайымда.

Ербол Ералиев – «Нұралы –Жол » шаруа қожалығының төрағасы

Құдайдың өзі береді. Қыста дайындық дұрыс болуы керек. Көктемгі жұмыс деген, күзде басталады. Мақтаның жұмысы  жылдан жылға ауысып отырады. Тұқымның сапасына, тіпті тырманың да сапасына да мән берілуі керек.   

Семинарда бас қосқан 400-ге жуық шаруа мақта егудің  тың  тәсілдерімен танысты. Зиянкестерге тосқауыл қою бойынша өзара кеңесті.

Мелдехан Төлепов – «Аягөз» шаруа қожалығының төрағасы

Бүгінгі семинар үлкен науқанға дайындық. Барлық уақытта келісіп шешілген дұрыс. Мына жерде біршама ұсыныстар айтылды. Мен де өзіме керек кеңесті алдым.

Ақ алтынның отаны саналатын аудан ауыл шаруашылығында көш бастауға ден қойды. Мәселен... ауданда 107 кооператив бар. Оның 52-сі егістікке ағын су жеткізіп берумен айналысса, 45-і минералды тыңайтқыштар таратумен шектеледі. Сол себепті аудан әкімі... агросаладағы жетістікті ұлғайту үшін кооперативтерді көбейтуді көздеп отыр.

А.БИДАН                                                                          

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚШАДА ЖЫЛЫЖАЙ ӨСІРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
14:46, 23 сәуір 2018
БАЛАБАҚШАДА ЖЫЛЫЖАЙ ӨСІРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ  ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18:02, 20 сәуір 2018
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
Толығырақ...