ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Балабақша - болашаққа салынған инвестиция

17:29, 1 маусым 2017

Қазығұрт ауданының бүлдіршіндері «Балапан» бағдарламасының шарапатын көруде. Халықаралық мерекеде олар ата-анасымен бірге 3 бірдей балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне куә болды. Енді 240 балғын мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылады. Айтқандай, бұл жағдайды ауданнан шыққан атымтай жомарттар жасап отыр.

Бұған дейін Қазығұрт ауданының балапандарына 36 балабақша қызмет көрсететін. Енді олардың қатарына тағы 3 мектепке дейінгі мекеме қосылды. Соның бірін аудан азаматы Сман Самат тарту етті.  Бұл істі кәсіпкер ата-аналардың өтініші бойынша қолға алған. 75 орынға арналған балабақша ауыл тұрғындары үшін айшықты жаңалық болды.  

Ханзат Байдуллаева - бұған дейін немересін шалғай ауылдағы балабақшаға тасып әуре болатын. Енді үй маңынан заманауи балабақшаның ашылғанына дән разы. Мұнда тәрбиеленген балғындар өнегелі жандар болып өсетініне сенеді.

Жыл соңына дейін жергілікті кәсіпкерлер тағы да 450 балаға бақша есігін айқара ашады.  Жоспарланған іс жүзеге асса, ауданның бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 85 пайызға жетпек.

САТТАР Есімбеков                                                                 

 

Тақырып бойынша материалдар

110 орындық балабақшаның іргетасы қаланды
17:26, 1 маусым 2017
110 орындық балабақшаның іргетасы қаланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...