ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Сәби күлкісі – әлемнің көркі

18:22, 1 маусым 2017

Әлемде сәби күлкісінен асқан әдемі көрініс бар ма? Періште көңілдің пәк болуы, шат болуы үшін бүгін облысымыздың барлық ауданында да балаларға айрықша көңіл бөлінді.

Созақ аудандық балалар кітапханасында бүгін ерекше думан. Ел ертеңі саналған балғындардың жүзі бал-бұл жанады. Тәттінің түр-түрі. Балмұздақ пен сый-сияпат. Барлығы да балалар үшін.

Салыхан Полатов – Созақ ауданының әкімі

1-маусым бабаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен  құттықтаймын. Бұл мейрамды әлемнің көптеген елі тойлайды.  Сондықтан өскелең ұрпақтың тәрбиесін бей-жай қарамауымыз қажет.

Ауданда 42 балабақша бар. Оның 14-і жеке меншік. 17-сі  мемлекеттік. Бұдан өзге 11 шағын орталық жұмыс істейді.  Оларда ұзын-ырғасы 4 мыңға жуық бала  тәрбиеленуде.  Биыл «Балапан» бағдарламасының орындалуы 90 пайызға жетіп отыр.

Мумина Алтынбекова – Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы

Барлықтарыңызды балалар мерекесімен құттықтаймын. Осы балалар мерекесі маған қатты ұнайды. Бұл жердің ерекешелігі жаттау айтамыз.  Түрлі өлеңдер айтамыз. Кішкентай балаларды қатты жақсы көремін.Сол балаларға тақпақ айтып берейін.  Алақай-ау, алақай, Ән шырқайық, балақай. Қызарғанша алақан. Қол соғайық балақай.

Мақтарал. Халқы тығыз орналасқан бұл аймақта өңірдегі әрбір үшінші сәби өмірге келеді.   Балаларды қорғау мерекесінде аудан бүлдіршіндері  тегін аттракционда ойнап, концерт тамашалады.

Биыл ауданда 2800 бала жазғы сауықтыру лагерінде демалады. Мұнда жасөспірімдерді салауатты өмір салтына бейімдеу үшін түрлі шаралар ұйымдастырылуда. «Бәріміз біргеміз» атты акция аясында бүлдіршіндер «Болашақтағы Қазақстан» тақырыбында өз қиялдарын ақ қағазға түсірді. Аудандық білім бөлімі дарынды суретшілерді марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

АҚНҰР Маханбетқызы

Тақырып бойынша материалдар

Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
17:29, 1 маусым 2017
Балабақша - болашаққа салынған инвестиция
Толығырақ...
110 орындық балабақшаның іргетасы қаланды
17:26, 1 маусым 2017
110 орындық балабақшаның іргетасы қаланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...