ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

14 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ КӨЗДЕП, ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН

17:46, 7 маусым 2018

Шымкентте 14 млн. теңге иесін... тонамақ болған қылмыстық топ ұсталды. Жәбірленуші келіншек... Астанадан сапарлай келген. Оқыс оқиға маусымның 4-і күні түнгі уақытта болған.

14 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ КӨЗДЕП, ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН 

Оқиға желісі бойынша баяндасақ, астаналық азаматша өзіне тиесілі 14 миллион теңгені алып, автокөлікке отырады. Осы сәтте оңай олжаға қол жеткізгісі келгендер... әйелге шабуыл жасап, оның сөмкесін тартып алуға тырысады. Алайда, күдіктілердің әрекетіне көлік жүргізушісі кедергі жасайды. Соған ашуланған күдіктілер ақшаны қойып, жүргізушіні пышақтайды. Сөйтіп, оқиға орнынан бой тасалайды. Полицейлер ширақ қимылдың арқасында күдіктілерді ұстады. Олар облыс тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда қарақшылық шабуыл жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полицейлер істің барлық мән-жайын және күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы барын анықтауда. Ал, пышақталған көлік жүргізушісі ауыр халде облыстық ауруханалардың біріне, жансақтау бөліміне жеткізілді. Аталған жайтқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «Қарақшылық» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары қосымша тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында облыстық ішкі істер департаментінде тәжірибелі полицейлер қатарынан жедел топ құрылды.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...