ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

160 ҚОЙ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

12:15, 27 тамыз 2019

Түркістан облысында 160-тан астам қой ұрлаған күдікті ұсталды. Барымташы жәбірленушіге 6 миллион 380 мың теңге шығын келтірген.

Созақ АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны уақ малдарының Созақ ауданындағы жайылымдардың бірінде ұрланғанын айтып арызданған. Полицейлер бастапқыда қойларын ауыл аймақтан, жайылымнан іздейді. Кейіннен тінту шараларына тәжірибелі тәртіп сақшылары тартылып, іздестіруді күшейтеді. Нәтижесінде күдікке жәбірленушінің малын баққан қойшы  ілігеді. Ол Жезқазған қаласында қолға түсті. Белгілі болғандай, Төлеби ауданынан келген малшының өзі бағып жүрген малдарды сатып, қомақты қаржымен бірге ауданнан ізін суытқаны анықталды.  Күдікті Созақ аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде. «Аталмыш жайт бойынша  Созақ АПБ-нің полицейлері сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда жинақталған барлық құжаттар нақты шешім шығарылу үшін сотқа жолданды.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...