ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ҚАЛТА ҰРЛЫҒЫ ӨРШИ ТҮСТІ

13:18, 24 сәуір 2018

Шымкентте үй тонаумен айналысқан күдікті ұсталды. Полицейлер оның... бұрынсоңды сотты болғанын айтып отыр. Ұрлықты ол... жәбірленушілердің үйіне кілт таңдау арқылы кіріп, алтын бұйымдарын үпті ету арқылы жасаған. Осы уақытта Әл-Фараби ауданы аумағында... жергілікті тұрғындардың ұялы телефонын... әлімжеттікпен тартып алатын азамат қолға түсті.

2 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ АЛТЫН БҰЙЫМДАРЫН ҰРЛАҒАН

Кезекті жорық барысында ұрланған алтын бұйымдар – 2 миллион теңгенің әшекейі. Баукеспе ұры жымысқы әрекетін жүзеге асырғаннан соң, алтындарды сату орындарына өткізіп, ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Бұл жөнінде... жәбірленуші былтырғы мамыр айында облыстық ішкі істер департаментіне  шағымданған болатын. Ал, 2018 жылы облыс аумағында орын алған қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында жүргізген жедел іздестіру іс –шаралары барысында аталған дерекке қатысы бар күдікті ұсталды.  Қазір қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ҚАЛТА ҰРЛЫҒЫ ӨРШИ ТҮСТІ

Әл-Фараби полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, белгісіз азамат... ұялы телефонын тартып  алған.  Іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті жас жігіт анықталып, қамауға алынды. Полицейлер анықтағандай, әккі азамат қылмыстарды бір сызба бойынша іске асырған. Яғни, жәбірленушілерден ақша мен ұялы телефондарын ашық түрде тартып алып отырған. Қазіргі таңда полицейлер оның тонау қылмысының 9 дерегіне қатыстылығын анықтады. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де сіз осы секілді қылмыстың куәгері немесе зардап шегушісі болсаңыз, дереу «102» нөміріне хабар беріңіз.

М.ӘСЕМБЕК                                                   

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...