ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

АККУМУЛЯТОР ҰРЛАҒАН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

16:38, 12 маусым 2018

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері... автокөліктердің аккумуляторын ұрлаған... қылмыстық топтың жолын кесті. Жыл басынан бері кезекші бөлімге жергілікті тұрғындардан 10 шақты арыз келіп түскен. Онда жәбірленушілер автобөлшектерінің ұрланғанына шағымданады.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 20-дан астам аккумулятор ұрлығына қатысы бар 4 күдіктіні ұстады. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 1 миллион теңге. Тәртіп сақшыларының анықтауынша, көп жағдайда күдіктілер үй маңында қараусыз қалдырылған автокөліктерді ұрлап, қылмыс орнынан қашып отырған. Күдіктілер ұрланған заттарды Сарыағаш ауданы және Шымкенттегі металл қабылдау орындарына сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу материалдары айыптау актісімен сотқа жолданған. Полиция қызметкерлері ұрлықтың құрбаны болмас үшін автокөлік иелеріне сақтық шараларына бекем болуды ескертеді.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...