ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

АККУМУЛЯТОР ҰРЛАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

17:04, 6 маусым 2018

Үлкен қылмыс... ұсақ құқықбұзушылықтан басталады. Облыс полицейлері... жасөспірімдер қылмысының алдын алу үшін... жыл басынан бері 50 рейд ұйымдастырды. Соның нәтижесінде... үлкендердің қарауынсыз жүрген 500-ден астам жасөспірім... бейімдеу орталығына жеткізілді.

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ АКЦИЯСЫ

Облыс полицейлері бірнеше акция аясында түнгі уақытта өздігінше сейіл құрған 2 732 баланы қолға түсірді. 130 жасөспірім... бос уақытын ойын-сауық орталықтарында өткізген. 485-інің құқықбұзушылыққа бейім екені анықталды. 281-і қолайсыз отбасыда тұрады. «Әй дейтін әжесі, қой дейтін қожасы» жоқ. Әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасында қылмысты кесуге мүдделі топ жуырда... бұл балалар үшін... ашық есік күнін ұйымдастырды.  Құқықбұзушылық пен қылмыс жасаудың салдары бойынша бейнероликтер көрсетті. Полиция бөлімі жұмыстарымен таныстырып, облыстық ішкі істер департаменті музейіне апарды. «Бақытты балалық шақ» ұранымен бірқатар іс-шаралар өткізді.               

АККУМУЛЯТОР ҰРЛАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Түркістандықтар түн ішінде көлігі тоналып қалатын кезекті жағдаяттан құтылды. Полицейлер аккумулятор ұрлығымен айналысқан 2 күдіктіні ұстады. Олар күні бүгінге дейін 3 адамның көлік бөлшегін үпті етіп үлгерген. Қылмыстарын ел... шырт ұйқыда жатқанда істеген. Автокөліктен аккумулятордан бөлек, автомагнитола, колонкасын да ұрлап отырған. Полицейлер жәбірленушілер шығынын есептеп, 500 мың теңгеден асатынын анықтады. Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының тергеушілері... аталған қылмыстық іске тиісті бағыт беру үшін прокуратураға жолдады.   

Мақсұт ЖАРЫЛҚАСЫН

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...