ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ

15:07, 30 шілде 2018

Шымкенттің... Әл Фараби ауданында тұратын бір тұрғын алаяққа алданып, арызданған. Полиция бөліміне хабарласқан ол әлдебір танысы «Астанадан бірнеше пәтер әперемін» деп, сазға отырғызған. Қомақты қаржысын алып, жоқ болған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жуырда күдікті азаматша ұсталды.

АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ

Күдікті азаматша қаладағы сауда үйлерінің бірінің алдында Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, адамдардың сеніміне кірген. Алаяқтық жолмен тұрғындардың 1 млн. 350 000 теңгесін иемденіп кеткен. Қазір тергеу барысында ұсталған күдіктінің қылмыстың басқа да жайтына қатысы бары-жоғы анықталуда. Күдікті қамауға алынды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің  «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуды қатаң ескертеді.

«ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Сондай-ақ, үшінші мегаполисте «Қауіпсіз қала» іс-шарасы өтуде. Рейд барысында екі күн бойы тәртіп сақшылары қала аумағындағы 892 нүктеге тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде 405 пәтерге, 378 жеке үйге, 22 дүкенге, 13 жанар-жағармай бекетіне, 39 тамақтану орны мен 5 базарға, 9 ломбард, 5 сауда үйі мен 14 басқа да сату нүктелерін тексеріп шықты. Нәтижесінде 2 тәулікте 15 қылмыстың беті ашылды. 168 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Ішкі істер органдарына 144 тұлға есепке алынып, 10 тұлға қабылдап-тарату орындарына жеткізілді. Ал, 27 шілде күні Шымкент қаласының Абай ауданы әкімшілік аумағына қарасты ең ірі автокөлік бөлшектерін сататын базарға тексеру жүргізді. Полицейлер базардағы 174 сату нүктесін аралап, сатушылармен профилактикалық жұмыстар атқарды. «Қауіпсіз қала» іс-шарасына Шымкент қаласының мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылып, олар 10 күн бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаратын болады.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА        

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...