ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

АНАСЫ МЕН ЖАРЫН АЙУАНДЫҚПЕН ӨЛТІРГЕН

21:53, 27 ақпан 2018

Ордабасы ауданының полицейлері өз анасы мен жарын... асқан қатыгездікпен өлтірген күдіктіні қолға түсірді. 1990 жылы туылған азамат... түстік облысқа Өзбекстаннан көшіп келген екен. Дәл осы күні облыс полицейлері... 20-25 жас аралығындағы бойжеткенге әлімжеттік көрсеткен Өзбекстанның тағы бір азаматын ұстады.

АНАСЫ МЕН ЖАРЫН АЙУАНДЫҚПЕН ӨЛТІРГЕН

Ақпанның 23-і күні ауданның ішкі істер бөліміне Шұбарсу ауылдық жедел-жәрдем қызметінен 52 жастағы азаматшаның дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер екі адамның мәйітін тауып, олардың 52 және 23 жастағы әйелдер екенін анықтады. Тергеу барысында мәлім болғандай, 28 жасар қаныпезер өзінің анасы мен жарына қастандық жасап, өлтірген. Қазіргі таңда күдіктіні қамауға алды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

СУЫҚ ҚАРУ ҚОЛДАНҒАН

Ал, Сарыағаш ауданының құқыққорғаушылары 25 жастағы нәзік жандыға шабуыл жасады деген күдікпен 45 жастағы Өзбекстан азаматының қолына кісен салды. Күдікті қолындағы пышақпен жәбірленушіге бірнеше рет дене жарақатын салған. Қыз көмекке шақыра бастаған кезде күдікті оның ұялы телефонын өзімен бірге алып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Аталған жайт бойынша адам өлтіруге оқталу және қарақшылық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

C. Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ
15:07, 30 шілде 2018
АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ДЕ АВТОКӨЛІК АЙНАСЫН ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
15:22, 25 шілде 2018
ШЫМКЕНТТЕ ДЕ АВТОКӨЛІК АЙНАСЫН ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІ Ұ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
14:10, 17 қыркүйек 2018
«MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...