ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

АРҚАР АТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

18:12, 21 тамыз 2019

Кентауда табиғат сақшылары арқар атқан күндіктілерді қолға түсірді. Қаратау арқарын атты деп айыпталып отқан азаматтар кезекті табиғатты қорғау рейдтік іс-шарасы кезінде ұсталған.

Құрықталған екі азаматта Кентау қаласының тұрғындары. Олардан айғақты зат ретінде 16 калибрлі аңшы мылтығымен пакеттерге салынған ет тәркіленген. Бүгінде ет арнайы сараптамаға жіберіліп тексерілуде. Сараптама қорытындысына байланысты  қызыл кітапқа енген жануарға қару кезенгендер қылмыстық жазаға тартылады. Қазіргі таңда тәркіленген қару-жарақ Кентау қалалық ішкі істер бөліміне өткізілген. Айтып өтейік, елімізде ерекше қорғауға алынған арқарды атқандарға 4500 айлық есептік көрсеткіш, яғни 11 млн теңге көлемінде айыппұл салынады.   

Бақытжан Қырықбай – Түркістан облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Негізі 19 тамыз күні Отырар орман қорғау бекеті мекемесі кезекті «табиғатты қорғау» рейдтік іс-шарасын ұйымдастырған болатын. Сол кезде екі жергілікті тұрғын. Ұсталды. Қазір ет сараптамада. Ол анықталса күдіктілердің үстінен ҚР Қк 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                   

 

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...