ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫН АТЫП КЕТТІ

17:37, 24 қазан 2018

Өңірімізде әкімшілік қызметкеріне шабуыл жасалды. Төлеби ауданы әкімінің орынбасарын тапа-тал түсте белгісіз азаматтар атып кетті. Абырой болғанда жәбірленуші Рабиға Бейсебаева дін аман. Жеңіл дене жарақатына байланысты аруруханаға жатқызылған.

Оқиға 23 қазан күні түс мезгілінде Момынай ауылында орын алған. Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаева көлігінен түсе бергенде бас киім киген үш жігіт жүгіріп келіп, тапаншадан бас тұсына оқ жаудырған. Шабуыл жасағандардың кім екенін жәбірленушінің туыстары білмейді. Қастандық жасауы мүмкін деген болжамы бар. Себебі, Рабиға Бейсебаева үш күннен бері үйінде жалғыз болған. Машинасына жасырынып үлгергендіктен айтарлықтай жарақат алмаған. Орын алған оқиғаға қатысты Төлеби аудандық ІІБ-де қылмыстық іс тіркеліп,  жедел іздестіру  тергеу тобы құрылған. Шенеунікке шабуыл жасап, өлтірмек болды деген күдікпен 2 азамат құрықталды. Айта кетейік, Рабиға Бейсебаева Төлеби  ауданы әкімінің орынбасары лауазымын жеті жылдан бері атқарып келеді.

Салтанат Қаракөзова – Түркістан облыстық полиция департаменті  мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы  

-Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Және ізін суытпай сол уақытта ІІД криминалдық полиция қызметкерлерімен 2 күдікті азамат Тараз қаласында ұсталды. Қазіргі таңда тергеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Және осы оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Р.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...