ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

АВТОКӨЛІК ҰРЛАҒАН АЛАЯҚТАР ҚОЛҒА ТҮСТІ

19:39, 14 наурыз 2018

Шардара ауданында заңсыз балық аулап қана қоймай, табиғат қорғаушыларды ұрып-соққан бұзақылар ұсталды. Су қорықшыларының талаптарына бағынбаған 4 браконьерді Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қолға түсірді. Ал, Шымкентте тәртіп сақшылары автокөлік ұрлаумен айналысқан күдіктінің жолын кесті.

ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАП, ИНСПЕКТОРЛАРДЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН  

Шардара АІІБ-не өндірістік кооператив мекемесінен қатынас хат келіп түскен. Онда Шардара су қоймасында браконьерлерге қарсы рейдтік іс-шара барысында заңсыз балық аулау дерегі тіркелгені жазылған. Бір топ балықшы су қорықшыларының талаптарына бағынбай, оларды ұрып соғады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті деп танылған Сарыағаш ауданының 1990, 1994 және 1987 жылы туылған төрт тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру дерегі бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

АВТОКӨЛІК ҰРЛАҒАН АЛАЯҚТАР ҚОЛҒА ТҮСТІ

Ал, Шымкентте жергілікті тұрғын... өзінің «Опель Вектра» маркалы автокөлігі ұрланғанын айтып, Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне хабарласады.  Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласының 1993 жылы туылған тұрғыны ұсталды. Тергеу амалдары кезінде оның ұрланған автокөлікпен бағанаға соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасап, белгісіз бағытқа бой тасалағаны анықталды. Күдікті қамауда. Бұрын-соңды екі рет сотты болған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің автокөлік ұрлаудың 8 жайтына қатысы бар екенін анықтады. Қазір бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...