ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

БАҒАЛЫ ЗАТТАРДЫ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН

17:18, 25 шілде 2018

Түркістан қаласында 30 жасар азаматты ұрып-соғып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған Қызылорда облысының тұрғыны анықталды.

Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімінде де тыным жоқ. Мұнда... орталық ауруханалардың біріне... 30 жастағы тұрғынның түскені хабарланады. Жергілікті азаматты белгісіз біреу ұрып-соғып, 60 мың теңге тұратын ұялы телефоны мен 20 мың теңгесін тартып алып, қашқан. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Бұл оқиға «тонау» бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда. Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға сақ болуға кеңес береді. Тонау жайтының құрбаны болмас үшін, бағалы заттарыңызды көпшілік орындарында бейтаныс адамдарға көрсетудің қаншалықты қауіпті екенін ескертеді.

М.ӘСЕМБЕК                                         

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...