ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

БЕТПЕРДЕ КИІП, ҮЙ ТОНАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСЫ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ

19:15, 28 наурыз 2018

Сарыағашта бетперде киген белгісіз тұлғалар жергілікті тұрғынның үйін тонап кетті. Қарақшылар ұйымдасқан қылмыстарын үй иелерінің көзінше жүзеге асырған. Отағасы ұрылардан әбден таяқ жеп есінен танған. Үй иесінің әйелі мен бала-шағасының аяқ-қолын байлап, бар байлығын алып кеткен күдіктілер көп ұзамай қолға түсті.

БЕТПЕРДЕ КИІП, ҮЙ ТОНАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСЫ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ

Тәртіп сақшыларына болған жайды көршісі хабарлаған. Жәбірленуші үй иесі алған дене жарақаты салдарынан ауруханаға түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде күдікті ретінде қылмыстық топ ұсталды. Олар Шымкент қаласының 1982, 1986, 1989 және 1990 жылы туылған тұрғындары. Әзірге қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталып, қамауға алынды. Қалған екеуі іздестірілуде. Күдіктілер бұрын-соңды сотты болған. Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің өткен жылы Мақтарал ауданында орын алған қарақшылыққа қатысы бар екендігін дәлелдеді. Полицейлер осы қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша қарақшылық бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛ

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды. Оқыс оқиға Ордабасы ауданында орын алған. Полицейлер жасөспірімге қатысты адам өлтіруге оқталу жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне ауруханадан хабарлама келіп түскен. Онда пышақ жарақатымен екі кәмелетке толмаған жасөспірімжеткізілген.Оқиға орнына жедел-тергеу жіберіліп, полицейлер кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында жанжал орын алғанын анықтады. Салдарынан 15 жастағы жеткіншек екі 16 жастағы жәбірленушіге пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.Сол күні тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  күдікті анықталып, ұсталды. Ол көрші ауылдың 2002 жылы туылған тұрғыны. Аталған жайт негізінде адам өлтіруге оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалып, күдікті жасөспірім қазіргі таңда қамауға алынды.

«ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

Бұдан бөлек, жергілікті тәртіп сақшылары «Табиғатты қорғау» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оған  құрамы полиция мен табиғатты қорғау инспекторларынан тұратын 40-тан астам жедел топ ат салысты. Нәтижесінде жергілікті полиция қызметкерлері 8 экологиялық қылмысты анықтады. Табиғатты қорғау заңнамаларындағы құқықбұзушылық пен қылмыстарды анықтау мақсатында өткен рейдтік іс-шара кезінде полиция қызметкерлері 100-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде, заңсыз аңшылықпен айналысып, аңшылық ережесін бұзғаны үшін  29 жағдай тіркелген.

НҰРАЙЫМ Шахимерген                                    

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...