ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ЕКІ АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

15:39, 31 мамыр 2018

Түркістанның тәртіп сақшылары алаяқтықпен айналысып келген 2 әйелді қолға түсірді. 2018 жылдың ақпан айында Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына жергілікті, 65 жастағы тұрғын арызданған. Оның қаладағы киім дүкеніне екі азаматша келіп, «Түркиядан әкелінген әртүрлі әйелдер киімдерін сатып береміз», - деп алдап, жалпы құны 3 110 000 теңгеден астам затын алып кеткен.

Аталған жайт бойынша Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының 45-46 жастағы екі  тұрғынын ұстады. Олардың Түркістан қаласында тіркелген 9 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Полицейлер алаяқтардың...  жеке кәсіппен айналысатындардың сеніміне кіріп, мүлкін үптегенін айтады. Ал, қолға түскен мүліктерді сатып, түскен қаражатты өз қажеттеріне жұмсаған. Жәбірленушілерге жалпы 8 миллион теңгеден астам шығын келген. Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының тергеушілері... аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттарын... сотқа жолдады.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...