ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Қару арқалаған жасөспірімдер ұсталды

20:33, 7 қыркүйек 2017

Шымкент полицейлері түн жарымында қару асынып жүрген 4 жасөспірімді қолға түсірді. Олар ата-ана қарауынсыз, еркін қыдырған. Ал, ордабасылық тәртіп сақшылары мал ұрлап, оңай олжамен күнелтіп келген 3 баукеспеге кісен салды. Қарақшылықпен айналысқан топтың тұрғындарға келтірген шығыны 2 миллион теңгеден асады. Толық ақпар қылмыстық хроникасында.

      Түстік полицейлері 1999 және 2000 жылы туған жасөспірімдердің өздерімен бірге шолақ аңшы мылтығы, екі травматикалық тапанша алып жүргенін анықтады. Олар ұстаған сөмкеден сондай-ақ, бетперде мен пышақтар да табылды. Соған қарағанда, жасөспірімдер тонауға бара жатуы мүмкін деген жорамал бар. Қазіргі кезде полицейлер төрт баланың қаруды қайдан алғанын және қандай да бір қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

      Ал, Ордабасы ауданында мал ұрлығымен айналысатын топ ұсталды. Алдын ала тергеу амалдары бойынша күдіктілер негізінен, жайылымда жүрген төрт түлікті үптеп келген. Оңай олжаны мал базарына апарып, сатып отырған. Әзірге олардың тұрғындарға келтірген шығыны 2 миллион теңгеден асады. Ұсталған 3 баукеспенің 3 іске қатысы бар екені анықталды. Күдіктілердің үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша  қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы орайда полицейлер тұрғындарға төрт түлігін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Жоғалғанын байқаған жағдайда бірден полицияға хабарласуын сұрайды. 

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

Есірткі сатып жүрген полицейлер ұсталды
15:41, 21 қыркүйек 2017
Есірткі сатып жүрген полицейлер ұсталды
Толығырақ...
Сақ болыңыздар! Алаяқтар жаңа әдіске көшті
21:42, 19 қыркүйек 2017
Сақ болыңыздар! Алаяқтар жаңа әдіске көшті
Толығырақ...
Шымкентте экстремистік топ құрықталды
18:21, 19 қыркүйек 2017
Шымкентте экстремистік топ құрықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылданып жатыр
15:58, 20 қыркүйек 2017
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылдан...
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...