ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ МАС КҮЙІНДЕ ТІЗГІНДЕГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

12:38, 23 шілде 2018

Түркістан облысында қоғамдық көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізуші ұсталды. Облыс полицейлері ұйымдастырған арнайы рейд барысында... бұдан өзге... 400-ден астам құқықбұзушылықтың беті ашылды.

Үш тәулікке созылған шарада жергілікті полиция қызметінің өкілдері... автобус жүргізушілері жол берген... 413 заңбұзушылық дерегін анықтады. Көпшілік тасымалына жауапты мамандар 131 жағдайда рөлде отырып, телефонмен сөйлескен. Маневр жасауда 52 жүргізуші өрескел қателікке бой берген.  31 жүргізуші қауіптілігіне қарамастан, жылдамдықты асырған. 46 көліктің техникалық байқаудан өтпегені әшкереленді. Көлік құралдарының рейске шығу алдындағы медициналық куәландырудан өтпеуі, багажды және жолаушыларды заңсыз тасымалдау бойынша 11 дерек анықталды. Анықталған барлық құқықбұзушылықтар бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырды. «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасына Жергілікті полиция қызметкерлері  жұмылып, көлікті бақылау және басқа да қызметтердің өкілдері тартылды. Жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, Жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау мақсатында ұйымдастырылған шара... алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...