ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

КӨЛІК ДОҢҒАЛАҚТАРЫН ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

15:34, 2 сәуір 2018

Шымкенттік полицейлер автокөлік доңғалақтарын ұрлаумен айналысқан ұрыларды қолға түсірді. Жедел іздестіру шарасы барысында 22 жастағы екі азамат кінәсін мойындады. Ал, Түркістанда тәртіп сақшылары көптен бері қалта ұрлығымен айналысып жүрген 36 жасар әйелді ұстады.

КӨЛІК ДОҢҒАЛАҚТАРЫН ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР  ҰСТАЛДЫ

Өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленушінің ауласында тұрған «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің 4 доңғалағын белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенін көрсеткен. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 22 жастағы екі күдікті азамат ұсталды. Оның бірі бұрын-соңды сотты болған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Абай Жолдасбаев – Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің тергеушісі

- Біздің құрам ұсталған күдіктілердің басқа да автокөлік доңғалақтарын ұрлаудың 7 жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық болып отыр.

ҚАЛТА ҰРЫСЫ ҰСТАЛДЫ

Ал, Түркістанда 32 жастағы әйелдің қоғамдық көлікте әмиянын және ұялы телефонын ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ол 1982 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің жалпы соммасы шамамен 200 мың теңге көлемінде бөтеннің мүлкін ұрлаудың 4 жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Баукеспе ұры жымысқы әрекетін облыс орталығынан Түркістан қаласына келген автобустарда және адам көп шоғырланған жерлерде жүзеге асырып отырған. Тәртіп сақшылары күдіктінің қылмысын ұрлық болған жерлерде орналасқан бейнебақылау камерасы арқылы анықтады. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.     

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...