ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

Мақтаралдық азаматтың үйінен салмағы 1,5 келі тартатын есірткі табылды

15:48, 6 қыркүйек 2017

Мақтаралдық полицейлер үйінде қарасора өсіріп, есірткі сатумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді. Ол - сол ауданның 1960 жылы туылған тұрғыны.

       Жедел іздестіру шарасы кезінде ұсталған азаматтың үйінен 130 грамм кептірілген марихуана мен жерде өсіп тұрған, салмағы 1 жарым келі болатын қара сора табылды. Сонымен қатар, үйінің әр түпкірінен 15 грамдай болатын «гашиш» пен «марихуана» есірткі заттары, суық қаруға жататын екі пышақ тәркіленді. Бүгінде оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің төрт бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде есірткі заттарын өсіру, сату және суық қаруды сақтау сынды баптар бар. Әзірге тәркіленіп алынған заттарға арнайы сараптама тағайындалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Айтып өту керек, жыл басынан бері облыс полицейлері осы тектес қылмыстық деректер бойынша  80 азаматты қамауға алды. Олардан жалпы салмағы 4,5 тонна болатын есірткі өнімдері тәркіленді.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
12:31, 20 ақпан 2018
Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрад...
Толығырақ...
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
15:45, 15 ақпан 2018
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЕРІК БЕКЖАНОВ  ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:42, 15 ақпан 2018
БЕРІК БЕКЖАНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
17:31, 20 ақпан 2018
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
15:45, 15 ақпан 2018
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
Толығырақ...