ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

МАС ХАЛДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗІП 2 АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

19:29, 2 сәуір 2018

Шымкентте мас халде көлік жүргізген азамат екі адамның өліміне себепші болды.

Наурыздың 26-сы күні күні Алматы –Ташкент –Термез тас жолының Шымкент қаласына қарасты аумағында оқыс оқиға орын алды. Ішімдікке сылқия тойған  1960 жылғы азамат өзінің басқаруындағы ВАЗ-21074 автокөлігімен екі адамды қағып кеткен. Салдарынан  1962 жылғы азамат пен 1961 жылғы азаматша, оқиға орнында қаза тапты. Марқұмдар жүргізушінің туған інісі мен жұбайы екен.Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы  тексеру жұмыстарын жүргізіп, сараптама тағайындады.Күдікті қамауға алынды. Аталған жайт бойынша  ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...