ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАН БАРЫМТАШЫЛАРДЫ ҰСТАДЫ

17:21, 27 маусым 2018

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының полицейлері «Мал ұрлығына тосқауыл» бағдарламасы аясында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Осының арқасында мал ұрлауды кәсіп еткен кәнігі барымташылар қолға түсті.

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАН БАРЫМТАШЫЛАРДЫ ҰСТАДЫ

Бұл бойынша Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын шағым түсірген. Жәбірленуші өз арызында белгісіз біреулер 3 бірдей жылқысын ұрлап кеткенін жазады. Әккі ұрылар ауыл тұрғынына миллион теңге шамасында шығын әкелген. Тәртіп сақшылары жүргізген шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде 4  күдікті қамауға алынды. Қазіргі кезде аудан сақшылары ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға  қатысы  бар-жоқтығын анықтау үстінде. Полиция қызметкерлері малды қараусыз қалдырмай  қырағы болуды ескертеді.

КӨШ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛДІ

Шардара аудандық Ішкі істер бөлімінің көші –қон қызметі өкілдері заңсыз көші –қонның алдын алу мақсатында қажетті іс-шараларды  қолға алған. Олар Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекаралық аймақтардағы заңдылықтардың орындалуын қатаң қадағалауда. Осының нәтижесінде ағымдағы жылдың 5 айында 71 әкімшілік құқықбұзушылықты  анықтаған.  ҚР – ның аумағына келіп-кету ережелерін бұзғаны үшін  37 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды.Сондай-ақ, оларға 442 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып,  ол толығымен өндірілді.  Шардара өңірінің полицейлері  алдағы уақытта да  көші-қон  жұмысын жандандыра түспек.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...