ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ДЕ АВТОКӨЛІК АЙНАСЫН ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

15:22, 25 шілде 2018

Облыс полицейлері автокөлік айнасын ұрлаумен айналысқан Алматы қаласының тұрғынын ұстады.

Қалалық ішкі істер басқармасы Әл-Фараби полиция бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, автотұрақта тұрған «Лексус» автокөлігінің екі жақтауындағы айнасын... қорапшасымен бірге ұрлап кеткен. Арызданушы 500 000 теңге материалдық шығын келтіргенін айтқан. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті қазір қамауда. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары  тұрғындарға  өз мүлкіне мұқият болуды ескертеді. Көлікті ашық қалдырмау, ақылы автотұраққа қойып, дабыл қондырғыларын орнату, ақша және бағалы заттарды қараусыз көлікке тастап кетпеу секілді сақтық шараларын қарастыруға кеңес береді. Егер де Сіз, осы секілді және өзге де қылмыстық оқиғаның жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне тез арада хабар беріңіз.

М.ӘСЕМБЕК                                         

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...