ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ТӘРТІП САҚШЫСЫН СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ

11:58, 11 маусым 2018

Ордабасы аудандық сотында полиция қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсеткен жергілікті екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Тұрғындар... қызметтегі полиция өкілдерін ұрып.., соққыға жыққан. Бірінің погонын жыртқан.

ТӘРТІП САҚШЫСЫН СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ

Оқиға жергілікті кафелердің бірінде болған. Полицейлер Өзбекстан Республикасы азаматтарын байқап, өздерін таныстыруын, Заңға сәйкес құжат көрсетуін талап еткен. Алайда, олардың құжаттары жоқ болып шығады. Осы арада мәселеге кафеден шыққан жергілікті екі азамат араласып, бірі полиция қызметкерін соққыға жығады. Екіншісі... оларды ажыратпақ болған тәртіп сақшысының... погонын жыртады. Орайлы сәтті тиімді пайдаланған  көрші ел азаматтары сол жерден бой тасалап, қашып кетеді. Ал, полиция қызметкерлерін соққыға жыққандар сол мезетте қамауға алынды. Оларға қатысты «билік өкілін қорлау» және «билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Соттың санкциясымен 2 айға қамалды. Қазіргі таңда іс сотта қаралып жатыр.

ӘЛСІЗГЕ ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданының полицейлері осы уақытта әлсізге әлімжеттік жасаған күдіктілерді қолға түсірді. Олар  кәмелет жасқа толмаған баланың құны 50. 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алған. Полицияға арызды жәбірленушінің ата-анасы жазды. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде жергілікті жердің екі жас азаматы ұсталды. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА          

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...