ШҰҒЫЛ! ИНСУЛЬТ «ЖАСАРЫП» БАРАДЫ Толығырақ

ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ АҚША ТАЛАП ЕТКЕН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

12:32, 11 шілде 2018

Кезек - қылмыс хроникасында. Қаратау полиция бөліміне 2017 жылдың соңғы күндерінде орта жастағы жергілікті тұрғын арызданады. Айтуынша, белгісіз төрт азамат өзіне күш қолданып, қорқытып, 15 мың АҚШ долларын талап еткен. Үздіксіз... іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ақыры қолға түсті.

ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ АҚША ТАЛАП ЕТКЕН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Аталған жайт бойынша «Қорқытып алу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Шымкент қаласының 30-40 жас аралығындағы төрт тұрғыны ұсталды. Тергеп-тексеру жұмыстары барысында күдіктілердің  оңай жолмен ақша табуды көздегені анықталды. Осы мақсатта олар жәбірленушіні  ешқандай қарызы болмаса да, қала сыртына алып барып, ұрып-соққан. 15 мың АҚШ долларын талап етіп, оны бір күннің ішінде жеткізуін бұйырған. Тергеу кезінде күдіктілер жасаған қылмысын толық  мойындады. Қазір уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  жүргізілуде.    

41 МЫҢНАН АСТАМ  ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

Ағымдағы жылдың 6 айында облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы  Процессингтік орталығы жол қозғалысы ережелерін бұзудың  41 026 дерегін тіркеді. Бұл автоматтық режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық бақылау – өлшеу құралдарының арқасында анықталған. Соның ішінде айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 29 267 ұйғарым жасалды. Құжат құқықбұзушылардың мекен – жайына жіберіліп, 227 млн. 800 мың теңгеден астам қаржы облыстық бюджетке өндірілген.  Ал, Шымкент қаласында орнатылған «RedSpeed» базасы... ереже бұзу деректері бойынша хаттаманы... апта сайын жолдауға мүмкіндік беруде. Қазір миллиондар қаласында 21 жылдамдық өлшеуіш құралы мен дәл осыншама бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. 6 дана «Крис П» бар. Заманауи жабдықтар... оқыс оқиғалар мен кісі өліміне әкеп соқтыратын апаттардың алдын алуда таптырмас құралға айналып отыр.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                                                 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІРТКІ САТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІ  ҰСТАЛДЫ
15:54, 5 шілде 2018
ЕСІРТКІ САТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БЕКЕТІН ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
12:36, 29 маусым 2018
ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БЕКЕТІН ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨНЕ ШАҺАРДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАВЗОЛЕЙДІҢ БИІКТІГІНЕН АСПАЙДЫ
16:51, 16 шілде 2018
КӨНЕ ШАҺАРДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАВЗОЛЕЙДІҢ БИІКТІГІНЕН АСПА...
Толығырақ...
ШӨПТІҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ ШАРУА ЖАНЫНА БАТЫП ТҰР
12:27, 17 шілде 2018
ШӨПТІҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ ШАРУА ЖАНЫНА БАТЫП ТҰР
Толығырақ...
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:49, 18 шілде 2018
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...