ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ЗАҢСЫЗ ОЙЫНХАНАЛАР ЖҰМЫСЫ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ

16:34, 24 сәуір 2018

Шымкентте заңсыз ойынханалар жұмысы әшкере болды. Шектеуі бар ойын бизнесін... 6 азамат қыздырған. Облыс полицейлері, сондай-ақ, үйге ұрлыққа кірген... және темір-терсек сататын орынға... қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады. Қылмыс хроникасында толығырақ.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, көпшілік қалтасын қаққандарды облыстық ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері қолға түсірді. Ойынханалар иелері жауапқа тартылуда. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық ішкі істер департаменті осы орайда, соңы қылмысқа ұрындыратын құмар ойындарын жою бағытындағы жұмыстарын  жалғастыра бермек.   

19-ЫНДА 11 ҮЙДІ ТОНАҒАН

Ал, мақтаралдық полицейлер 19 жасында 11 үйді тонап үлгерген жасты қолға түсірді. Соңғы рет ол Жетісай қаласының 33 жастағы тұрғынының үйіне... ешкім жоқта терезеден кіріп, 100 мың теңгеден аса сомадағы... зергерлік әшекейлерді ұрлаған. Күдікті өз қылмыстарын толығымен мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын қазір... миллион теңгені құрап отыр. Жас ғұмырын ерте солдырған, 1999 жылғы азамат... енді... 5 жарым жылын... темір тордың арғы жағында өткізетін болады.

Н.Әбдірашит     

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...