ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БЕКЕТІН ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

12:36, 29 маусым 2018

Сарыағаш полицейлері жанар-жағармай бекетін тонаған ұрыларды қолға түсірді. Күдіктілер қылмысқа оқталғанда... кассадан қомақты ақшаны үптемек болған. Ол ойларын... жүзеге асырған да. Алайда, көп ұзамай... «қылмыс түбі – жаза» екенін түсінді. Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат ізімен тілші әңгімесі.

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БЕКЕТІН ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Оқиға осы жылдың мамырында болған. Қылмысқа күдіктілер жанар-жағармай бекетіне баса-көктеп кіреді. Қызметкерді аяусыз тепкіге жығып, кассадағы ақшаны жымқырған. Өздері жасырынып та үлгереді. Оқиға желісімен аудандық басқармада шұғыл топ құрылып, сезіктілер ізіне түсті. Нәтижесінде жергілікті 3 азамат ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Тәртіп сақшылары осы орайда кеңселер мен қаражатты мекемелерге темір торлар мен дабыл қаққыш құралдарын орнату аса қажет екенін ескертеді. 

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ЖАҚСЫ ДАҒДЫЛАР МАРАФОНЫНА» ҚАТЫСТЫ

Ал, осы уақытта Шымкент полицейлері «Жақсы дағдылар марафонына» қатысты. Акция есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қолдауымен өтті. Оған облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен денсаулық сақтау, білім басқармаларының өкілдері белсене қатысты. Жастар есірткінің ұлт болашағы үшін қауіпті екенін айтып, түрлі ұрандар тастады. 500 қатысушы... дендробақ аллеясынан бастап, межеленген қашықтыққа жүгірді. Қоян-қолтық ұрыстан мықтыларды анықтады. Тағылымды әңгіме соңы жоғары рухтағы концертке ұласты. Полицейлер марафон қатысушыларына есірткіден жирендіретін түрлі үнпарақтарды таратты. Бірлескен күресте нәтиже болатынын айтты. 

А.КӨПЖАСАРОВА                           

           

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...