ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛ ПЫШАҚ ЖАРАҚАТЫМЕН АЯҚТАЛДЫ

15:15, 28 наурыз 2018

Жасөспірімдер арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды. Оқыс оқиға Ордабасы ауданында орын алған. Полицейлер жасөспірімге қатысты адам өлтіруге оқталу жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне ауруханадан хабарлама келіп түскен. Онда пышақ жарақатымен екі кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген. Оқиға орнына жедел-тергеу жіберіліп, полицейлер кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында жанжал орын алғанын анықтады. Салдарынан 15 жастағы жеткіншек екі 16 жастағы жәбірленушіге пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сол күні тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  күдікті анықталып, ұсталды. Ол көрші ауылдың 2002 жылы туылған тұрғыны. Аталған жайт негізінде адам өлтіруге оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Күдікті жасөспірім қазіргі таңда қамауға алынды.

НҰРАЙЫМ Шахимерген                                    

Тақырып бойынша материалдар

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
11:26, 16 тамыз 2019
ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ 30 АДАМ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...