ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

ЖҰРТТЫ АЛДАП АҚША АЛҒАН

19:23, 28 ақпан 2018

Шымкентте заңсыз есірткі сақтап, сатумен айналысқан күдікті қолға түсті. Ал, Сарыағашта жұртты алдап жүрген алаяқ ұсталды. Ол азаматтарға балаларын оқуға түсіріп беремін деп, ақша алып жүрген. Бүгінде екі іске қатысты да тергеу амалдары жүргізілуде

ЗАҢСЫЗ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН

Есірткі сақтады деп, айыпталған азамат жедел іздестіру шаралары кезінде ұсталған. Күдіктіні тінту кезінде одан салмағы жарты келіден асатын марихуана тәркіленді. Сонымен қатар, 35 дана сіріңке қорабына салынған есірткі тектес зат алынған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ЖҰРТТЫ АЛДАП АҚША АЛҒАН

Ал, Сарыағашта қолға түскен алаяқ - сол ауданның тұрғыны. Ол негізінен мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарын «баласын тегін оқуға түсіріп беремін» - деп, алдаған. Бүгінде оның 6 жайтқа қатысы бары анықталып отыр. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі шамамен 5 миллион теңге шамасында. Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Оның үстінен алаяқтық бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Нұрайым Шахимерген

Тақырып бойынша материалдар

АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ
15:07, 30 шілде 2018
АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ДЕ АВТОКӨЛІК АЙНАСЫН ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
15:22, 25 шілде 2018
ШЫМКЕНТТЕ ДЕ АВТОКӨЛІК АЙНАСЫН ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІ Ұ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
14:10, 17 қыркүйек 2018
«MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...