ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

«АҚЫЛДЫҢ КЕНІ» АТТЫ ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

12:37, 14 маусым 2018

Кентауда «Ақылдың кені» атты жинақ жарық көрді. Сана саңлауына ой салып, рухани жаңғыруға үндейтін туындының авторы - Асан Байсымақ... Кітаптың тұсаукесер рәсіміне қазақ жырының айбынын асырып жүрген, қаламы қуатты қаламгерлер арнайы келді.

Ақыны көп елдің-ақылы көп... Қаратау тәжінде қаламымен құнды мұралар жазып, оқырманын жаңа туындыларымен  қуантып жүрген ақын-жазушылар жетерлік... Соның бірі - Асан Байсымақ. Қаладағы үздік деп танылған  білім ордасының басшысы...  шәкірттеріне  сапалы білім берумен қатар, жазушылық өнерді де қатар алып жүр. Оның сөзінше,  бұл туынды ... жаратушының  шексіз рахымына сеніп, мейірімді болып, жақсылық жасауға үндейді.

Асан Байсымақ – жазушы, №24 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің директоры

Екі тақырыпта алдым. Алла, Жақсылық. Жақсылық жасаса ғана адам өзін табады, өзгені таниды. Алла жақсылығын түсінеді. Егер оқырмандардың жүрегін жаулап, жүрегіне  жетіп жатса, маған бұдан асқан бақыт жоқ. 

«Ақылдың кені» кітабының тұсаукесерінде қаланың бірқатар зиялы қауым өкілдері жиналды... Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Рахым Балабиев шығарма авторына өз арнауын оқып, көптің көңілін тербеді.

Жұпаркүл Бекшораева – ақын, сазгер

Кітап көп мағыналы, шағын болғанымен шік дүниесінде, мынау жастарға орта буын болсын, тіпті үлкен кісілер біле білмейтін көп дүниелер бар.

Тағылымды ойлар айтылып, көркем сөзден маржан төгілген әсерлі кештен... жиналған қауым рухани ләззат алды... Алғашқы жинағын жарыққа шығарған ақынға да құрмет көрсетілді. Шаһар әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

А.БИДАН                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...