ШҰҒЫЛ! ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ Толығырақ

АЛТЫБАҚАН АЯСЫНДА ӘН МЕН ЖЫР ТЕРБЕЛДІ

13:01, 26 маусым 2018

Алтыбақан аясында тербеледі ән мен жыр. Бәйдібек ауданында «Алтыбақан» сауық кеші болып өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ауыл жастары қатысып, ән мен жырдан шашу шашты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында ұлттық кодты сақтап, ата-дәстүр, салт-сананы жаңғырту жайы айтылған болатын. Осыны ескерген ауыл-аймақ өнерпаздары дәстүрлі әндерді нақышына келтіре шырқады. «Серке құлақ», «Таяқ лақтыру», «Арқан тарту», «Жастық лақтыру», «Ақсүйек» секілді қазақ халқының ұмыт болған ұлттық ойындарын көрерменге ұсынды.  

Қонақтар алтыбақан аясында әсем ән мен сыңғырлаған күлкіге толы сауық кешті тамашалады.  Жастар «Алтыбақан» шарасының рухани қуат, өнегелі тәрбие беретініне сенімді. Тағылымды кешке ауылдың ата-әжелері де қызыға қатысып, жас ұрпаққа ақ батасын берді. Ойындар тәртібі бойынша жөн-жосығын айтты.

«Алтыбақан» жастарға өнегелі тәрбие береді. Көк пен жер арасында, айлы түнде барша жастың жүрегінде айтылар сыр мен шашылар жыр қалмайды. Аудан басшысы орынбасары Бағдатбек Жанғазиев игі шараның маңызы ерекше екеніне тоқталып, бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді. Шара белсенділеріне бәйдібектіктердің кәдесыйын тарту етті.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                            

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...