ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

АСЫЛ МҰРА-ЕЛГЕ АМАНАТ

13:08, 23 қазан 2018

Әдет ғұрып және салт-дәстүр. Ата-бабадан ұрпаққа қалған, асыл мұра. Келешек жастарға осы құндылықтарды насихаттап, қайта жаңғырту сізбен бізге жүктелген басты міндет. Осы мақсатта Сарыағаш ауданының орталық кітапханасында тағылымды іс-шара өтті. Онда бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен тәрбие беру мәселесі сөз болды

Отан отбасыдан, тәрбие тал бесіктен басталады. Бүгінгі қоғамда бала тәрбиесінің жауапкершілігі үйдегі ата-анаға емес, мектептегі ұстаздарға артылып отыр. Дегенімен бала ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі. Кейбір жанұяда әке мен шеше өзінің қателіктерін байқамай жатады. Ал, баланың тәртібі дұрыс болғанын қалайды. Бұл жағдай,баланың қоғамда азамат болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді.      

Анар Бекмұратова - №1 М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының мұғалімі

Бүгінгі таңда мектепте тәрбие беріп, білім береміз. Бірақ ұрпаққа тәрбие беретін негізгі бесігі отбасында. Осыны барлық ата-ана ұмытпаса екен деймін.    

Бүгінде жастар біле бермейтін салт-дәстүрлер жетерлік. Ата-бабадан мұра болып қалған салт-дәстүрдің астарында тағылымды тәрбие бар. Сол себепті  оны біліп жүру, әр азаматқа артықтық етпейді. 

Райхан Алтыбаева – Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының маманы

Ұлттық бірегейлікті сақтауда Елбасының атап көрсеткендей. Дініміз, тіліміз, мәдениетіміз мәңгі бойымызда қалуға тиіс. Рухани жаңғырудың өзі, ұмыт болған дәстүрді қайта жаңғырту болып табылады.

Қалбибі Күлгенова – Сарыағаш аудандық орталық кітапханасының директоры

Бұл жиында айтылған әр сөздер, жай қалмауы тиіс. Өйткені адам аз ғана ақпарат алса да, ол өте қажетті деректер болуы қажет. Сондықтан осында жиында,  жас ұрпақ өзіне қажетті құнды тәрбие болатындай дүние алса, қоғам түзеледі деп ойлаймын.

Ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып қалған құнды мұрамыздың бірі- Ұлттық киімдер. Қазақ халқы киім үлгісін адамның жасына,  жыл маусымына лайықтап жасаған. Қазіргі таңда, ұлттық киімді насихаттап жүрген кәсіпкерлер жетерлік.

А.БИДАН                              

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
13:04, 23 қазан 2018
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...