ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

Балалар киносы "Қалқанқұлақ" фильмімен толықты

16:35, 11 қыркүйек 2017

Қазақ киноиндустриясында - жағымды жаңалық. Өңірімізде ғана емес, елімізде беделі зор «Сақ» киностудиясының жаңа туындылары көрерменге жол тартты. Оның бірі Күш атасы – Қажымұқан туралы анимациялық фильмі, екіншісі -балаларға арналған «Қалқанқұлақ» телехикаясы. Заманауи бағытта жарық көрген туындыларды қашан және қай арналардан тамашалай аласыздар? Айзат Бауыржанқызы тарқатып айтады.

       Қажымұқан – алып күшін ел абыройы үшін сарп еткен қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны. Тарихи тұлғаның өнегелі өмірін ұрпаққа насихаттау – еерлікті, елдікті дәріптеудің бір жолы. Бұл - танымал да талапшыл «Сақ» киностудиясы үшін сәтті шыққан жұмыстың бірі. 25 минуттық анимациялық фильмді 25 адам 3 ай мерзімінде бітірді.

Сая Қасымбек – драматург, сыншы

  • Қажымұқан туралы айтсам... Оңтүстіктің ғана емес, иісі қазақтың мақтанышына айналған , бала күннен естіп, оқып өскен Қажымұқан туралы мультфильм. Мультфильм ерекшелігі – балаларды күлдіре отырып, түсіруі үлкен жаңалық болып отыр. Бір ағынмен емес, күлдіре отырып, серпілдіртеді. Тек мұны одан да ұзарту керек сияқты.  Көпсериялы болса тіптен жақсы болар еді. Уақыты аз, сығыңқы болып қалған. Оның тарихи сәттері көп қой?! Ал, «Қалқанқұлақ» – көптен күтіп ем, қалай болады екен? Өте сәтті шыққан.

       «Қалқанқұлақ» қазақ фольклорын жаңа қырынан танытады. Ондағы оқиғалар алыстан алынбаған. Өзіміз естіп, өскен – ертегілер. Көпсериялы туынды төл әдебиетіміз бен киноөндірісіміз үшін ғана олжа емес. Ол бас кейіпкер Ерсұлтан сияқты таланттардың киноиндустриядағы талабын шыңдады, алғашқы қадамын ширатты.

Ерсұлтан Сіргебай – басты рөлді сомдаушы

  • Кинодағы образым – бұзық баланың рөлі. Атаға айғайлап сөйлеп, оны келемеждейміз. Ол бізді тышқанға айналдырам деп қорқытады. Біз сенбейміз. Жеті жақсылық жасау керек дейді. Сосын қайтады дейді. Кейін досым екеуміз жақсылық жасауға кірісеміз.

       Тұсауы кесілген жаңа туындыларды отандық бас арналардың барлығынан да тамашалай аласыздар!

Нуриддин Патеев - «Сақ» киностудиясының директоры

  • Ерекшеліктер мен қызықтар әр түрлі кейіпкерлерді табуында болды. Ертегілер аурасын беру керек болды. Оларға рөліне сай киім табу. Ал, мыстанның үйін өз қолымызбен салдық. Ал, «Таусоғарды» Алматыдан шақырттық.

       Қазақ фильмінің өркендеуіне қомақты үлес қосып отырған «Сақ» киностудиясы – бүгінде Оңтүстіктің төл бренді. 50-ден аса туындыны жарыққа шығарған шығармашылық топтың жыл санап еңбегі еселеніп, беделі артуда. Елдің рухани жаңғыруын ойлаған өнер иелеріне тек қана сәттілік тілейміз!

АЙЗАТ Бауыржанқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК ФИЛЬМДЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
13:45, 20 ақпан 2018
ОҢТҮСТІК ФИЛЬМДЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ  ЖАҢА ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ
16:50, 19 ақпан 2018
ОБЛЫСТЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ЖАҢА ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЕРІК БЕКЖАНОВ  ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:42, 15 ақпан 2018
БЕРІК БЕКЖАНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
17:31, 20 ақпан 2018
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
15:45, 15 ақпан 2018
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
Толығырақ...