ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына - 106 жыл!

18:47, 12 қаңтар 2018

Бүгін - ел мүддесіне еселі еңбек еткен... көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың дүниеге келген күні. Өткен ғасырдың өресі биік.., өнегесі терең перзенті... билік тізгінін ұстаған 40 жылда қазақ сахарасында 42 қала пайда болды. 68 жұмысшылар кенті салынды. Алматыдағы аспанмен тілдескен, айшықты нысандардың алғашқылары еңсе тіктеді. Ең бастысы, рухты ұлдан... кейінгі ұрпаққа... мол тәжірибе, терең тағылым қалды. Бүгін түстік жұрты... ер Димашын еске алып, рухына тағзым етті. Ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Игі шара... облыстық Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасында да өрбіді.

Әсіре мақтау, жалған жарнама, сұйық бояу... жанына жат болған ұлы перзент... ұлылық биігінен түскен емес. Қазақтың ұлттық болмысын баз баяғы қалпында сақтау үшін шүмектеп тер төккенін... алдыңғы буын жадыдан шығармайды.

Ол – ғасырда бір туатын феномен. Тұғырлы перзенттің тұлғасы кез келген басшы.., кездескен балғынға үлгі бола алады. Қазақтың мақталы жерінің Өзбекстан, тарихты топырағының Түркіменстанға үлеске тиюіне қарсы шығып, азаматтығын танытқан арда ұл - бүгінгі бүтіндігімізге себепкер. Патриоттық парасаттылығы – рух биіктігіне арқау.

“Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмау... Өмір өзегі, азаматтық жол – осы”... Бұл Қонаевтың өмірлік принципі.... Осыны ұстады, осылай өмірден өтті. Алайда, қазақтың бағына туған азамат... көзі қарақты ұрпағы үшін мәңгі жасай береді.

АЙЗАТ Бауыржанқызы              

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
13:04, 23 қазан 2018
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:53, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...