ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

ӘЙГІЛІ ТИМУРИДТЕР МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

13:11, 11 шілде 2018

«Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары». Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде осындай атаумен фотокітап көрмесі өз жұмысын бастады. Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Тимуридтер тарихы мемлекеттік музейі ұсынған шара... Қазақстандағы Өзбекстан жылына орайластырылып отыр. Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары 1 ай көлемінде тарих қатпарларына үңілмек.

«Тимуридтер тарихы» Мемлекеттік музейі 1996 жылы Әмір Темірдің 660 жылдығына орай құрылған. Идея - Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовқа тиесілі. Тарихи-рухани орында 1000-ға жуық жәдігер бар. Осы құндылықтар енді қазақстандықтардың да көз қуанышына айналып отыр.

 «Тимуридтер тарихы» музейі қорында Өзбекстан тарихын көрсететін бірегей бұйымдар жинақталған. Олардың қатарында түрлі  қолжазбалар мен хаттар, алтын, күміс және мыс монеталар, керамикалық, қола және мыс бұйымдары бар. Әмір Темір және Тимуридтер дәуірінен сыр шертетін жәдігерлер сақтаулы.

Абдумажид Мадраимов – профессор (Өзбекстан)

Мен өзбекстандық қонақтармен бірге келіп тұрмын. «Əзірет Сұлтан» қорық-музейі кітапханасына «Жемчужины Государственного музея истории Тимуридов» альбом-каталогын және «Адолат ва Қудрат Тимсоли» кітабын сыйға тартып отыр. Бұл құнды дүниелер екі ел арасын жақындастырып, мәдени байланысымызды арттырып отырартынына сенімдіміз.

Бұл күні қос тараптың бітімгерлігі сөз болды. Тарихи-мәдени байланыстар нығайып, мемлекеттік байланыстың маңызы айтылды. Бірлігі мен тірлігі ұштасқан екі тарап бір-біріне кәдесыйлар ұсынып, Алғыс хаттармен марапаттады.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:53, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР ПЛЕНЭРІ ДОСТЫҚ ТУЫН БИІКТЕТТІ
15:03, 30 шілде 2018
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР ПЛЕНЭРІ ДОСТЫҚ ТУЫН БИІКТЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
12:40, 18 қыркүйек 2018
«НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
Толығырақ...