ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Ел тәуелсіздігінің жемісі - Астана

15:06, 7 желтоқсан 2017

Отырарда елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойының ашылуына орай, мерекелік жиын болып өтті. «Ел тәуелсіздігінің жемісі - Астана» атты салтанатта... Елорданың даму тарихынан сыр шертетін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аудан тұрғындары жергілікті қолөнер шеберлерінің бұйымдарын тамашалады.

Ел жүрегі – Астана. Барша халықтың тілегі де осы - Елорданың өсіп-өркендеуі. Әсем күйге бөленіп, халықаралық кездесулер орталығына айналған бас қала күн санап дамып, қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр. Бұл - Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі. Көреген басшының еңбекқор елімен бірге жеткен жетістігі.

Ерлан Айтаханов – Отырар ауданының әкімі

Ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық - Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі.

Айтулы жиында Арқа төсінде өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалаған оқушылардың шығармалары тыңдалды. Бала жүрек әдемі тілегін жаудырды. Туған елінің астанасын мақтанышпен жырлады.  

Көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлаған мерекеде аудан әкімі қадағалаушы орган үздіктерін 6-желтоқсан - Прокурорлардың кәсіби мерекесімен құттықтап өтті. Жергілікті прокуратура қызметкерлерінің бірқатарына сый-сыяпатын табыс етті. Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты жиын концерттік бағдарлама мен ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарға ұласты. Жергілікті тұрғындар өзара күш сынасып, мереке көркін қыздырды.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
16:56, 16 желтоқсан 2017
Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
Толығырақ...
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
17:26, 14 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
Толығырақ...
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
15:01, 14 желтоқсан 2017
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...