ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

ӘНІМ СЕНСІҢ, АСТАНА!

17:12, 17 шілде 2018

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі бейнесін айшықтайтын, сұлулықтың символына айналған жасампаз Елордамыз Астанаға - 20 жыл. Бүгінде бұл айтулы мереке... еліміздің барлық аймағында шат-шадымен тойлануда. Осындай ән мен жырға бөленген «Әнім сенсің, Астана!» атты мерекелік шара... облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ұйымдастырылды. Көгілдір экран арқылы... көркем кештің куәсі болайық!

Сайын дала төсі - Сарыарқа төрінен орын алған Астана - қарқынды дамуымыздың, қол жеткізген  табыстарымыздың жарқын көрінісі. Мәңгілік елдің айбынын асырған Елорда абыройын асқақтату – мерекелік кешті өткізудегі негізгі мақсат.

Жәнібек Тағаев - облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры

Әр адам өзінің туған жерін кіші Отан деп санайды. Елордамыз Астана қаласына  20 жыл толуы  Қазақ еліне, Қазақстанның барлық тұрғындарына үлкен қуаныш қой деп ойлаймын.

Бір қуаныштысы, еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылдығына арналған  мерекелік шаралар жыл аяғына дейін  жалғасатын болады. Бұл жалғанды жалт қаратқан жаңа Астана абырой-атағын бұрынғыдан да  арттыра түспек.

Айболат Маймақов  - ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

Биылғы жылды Астана жылы деп атасақ та болады. Астана Отанымыздың негізгі ордасы болып саналады.. Осы ізгі шаралардың барлығы болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне, тағылымына игі әсері болары сөзсіз. Бұл шараның барлығы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге негіз болады деп ойлаймын.

Ел жүрегі-Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік шара ән мен күйге ұласты. Қасиетті домбыра шанағынан күмбірлеген күй төгілді. Жан тебірентер жыр шумақтары шашылды. Бұл қалың жұртқа қақпа болған ару қала абыройын асқақтата түсті.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                               

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...